Университет оқытушыларының айлығы өсті

Университет оқытушыларының айлығы өсті

Университет оқытушыларының айлығы өсті
ашық дереккөзі
Биылғы жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігіне бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті. Енді университет оқытушылары ай сайын кем дегенде 200 мың теңге алады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.
«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді», − дейді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.