Денсаулық сақтау министрі тұмауға қарсы екпе салдырды

Денсаулық сақтау министрі тұмауға қарсы екпе салдырды

Денсаулық сақтау министрі тұмауға қарсы екпе салдырды
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе салдырды. «Жыл сайынғы кезекті тұмаудың екпесін салдырдым. Былтыр екпеден кейін суық тиіп ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталды. Барлықтарыңызға саулық тілеймін», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. Еске сала кетсек, биыл вакциналау науқаны қарсаңында бюджет есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынды. Сондай-ақ, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланд) мен Синовак Биотек (Қытай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.