Шымкентте 8-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен 2 жасар сәби көз жұмды

Шымкентте 8-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен 2 жасар сәби көз жұмды

Шымкентте 8-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен 2 жасар сәби көз жұмды
ашық дереккөзі

Шымкентте 8-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен 2 жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметінше, кеше сағат 20:40 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабаттындағы терезеден баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Қайғылы оқиға Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2019 жылы дүниеге келген сәби ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеден құлаған.