Қарашадан бастап бірқатар автожол ақылы болады

Елімізде бірнеше автокөлік учаскелері қарашадан бастап ақылы болады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде жеті учаске ақы алуға толық дайын:
Нұр-Сұлтан-Павлодар,
Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентке),
Щучинск-Көкшетау,
Қапшағай-Талдықорған,
Шымкент-Тараз,
Тараз-Қайнар,
Шымкент-Қызылорда.

«Бұл учаскелер барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бірінші техникалық санаттағы учаскелерде ақы төлеу 2021 жылғы 1 қарашада, ал 2021 жылғы 1 қазаннан бастап тестілік пайдалануға енгізілуі тиіс», – деп жазылған хабарламада.

Ақылы учаскелер бойынша жол жүру төлемінің мөлшерлемесі 2013 жылдан бері өзгерген жоқ (Нұр-Сұлтан – Щучинск алғашқы ақылы учаскесі енгізілген сәттен бастап) және бұрынғысынша қалады.

ІІ техникалық санаттағы жол жүру ақысының мөлшерлемесін төмендету жоспарланып отыр.

Осы автомобиль учаскелері бойынша жол жүру ақысының алдын ала мөлшерлемелері мынанша болуы мүмкін:

Щучинск-Көкшетау (60,7 шақырым): жеңіл автомобильдер үшін – 50 теңге, автобустар мен жүк автомобильдері үшін – 330-дан 1 600 теңгеге дейін;

Шымкент-ҚР мен Өзбекстан шекарасы (84 километр): жеңіл автомобильдер үшін 90 теңге, автобустар мен жүк көліктері үшін – 400-ден 2 100 теңгеге дейін;

Шымкент-Тараз (100,3 шақырым): жеңіл автомобильдер үшін 70 теңге, автобустар мен жүк көліктері үшін – 350 теңгеден 1 750 теңгеге дейін;

Шымкент-Қызылорда (441,7 шақырым): жеңіл автомобильдер үшін 420 теңге, автобустар мен жүк көліктері үшін-2 170 теңгеден 10 930 теңгеге дейін;

Тараз-Қайнар (237,5 шақырым): жеңіл автомобильдер үшін  230 теңге, автобустар мен жүк көліктері үшін – 1 190 теңгеден 5 990 теңгеге дейін;

Нұр-Сұлтан-Павлодар (375 шақырым): жеңіл автомобильдер үшін 380 теңге, автобустар мен жүк көліктері үшін – 1 870 теңгеден 9 380 теңгеге дейін;

Қапшағай-Талдықорған (186 шақырым): жеңіл автомобильдер үшін 190 теңге, автобустар мен жүк көліктері үшін – 930 теңгеден 4 660 теңгеге дейін.

Back to top button