15 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болды?
15 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болды?
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы астанасы туралы» заң күші бар Жарлыққа қол қойды.
1996 жылы Алматыдан 300 шақырым қашықтықта Алматы-Райымбек тас жолы бойындағы Мұратәлі деп аталатын үлкен төбеге Райымбек батырға ескерткіш орнатылды. Ескерткіш сәулетші Қ.Егізбаевтың жобасы негізінде тұрғызылды.
2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты Алматыдағы АҚШ елшілігінде болып, Америка халқына көңіл айтты және ресми мәлімдеме жасап, лаңкестердің айуандық істерін батыл айыптады.
2003 жылы Атырау қаласы арқылы өтетін Жайық өзеніне көлік жүретін көпір салу құрылысы салтанатты түрде басталды. Қаланың оң және сол бөліктерін қосатын осы көпірдің ұзындығы 800 метр, ені 24 метр, оның 18 метрі төрт көлік қатар жүретін негізгі қозғалыс бөлігі. Жобаның жалпы құны 7 млрд. теңге, оның 300 миллионы сол жылы-ақ қаржыландырылды.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ядролық лаңкестік актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға» Қазақстан Республикасы атынан қол қойылды. Бұл құжат мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық лаңкестіктің алдын алу, жолын кесу және оны жою жөніндегі шараларды іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.
2006 жылы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезовтың мұрайжай-үйінде Махмұд әл-Қашғаридің «Диуани лұғат ат-Түрік» еңбегінің орыс тіліндегі басылымының тұсаукесері өтті. «Диуани Лұғат ат-Түрік» - түрік тілдерінің ең көне сөздігі және Орталық Азия өркениетінің тарихы жайлы маңызды дереккөздердің бірі.
2010 жылы Ыстанбұлда түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х мерейтойлық Саммиті болып өтті. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Форум барысында түркітілдес әлем мемлекеттерінің басшылары саммитте ұсынылған елдер арасындағы қатынастар мәселелерінің кең спектрін, ортақ мүддені көрсететін аймақтық және халықаралық проблемаларды талқылады.
2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға ресми сапары барысында Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінде болды. Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа университеттің Құрметті докторы атағы берілді.
2011 жылы Астраханьда мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының VIII форумы жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою».
2011 жылы Астрахань облысы Красноярск ауданы Шағын Арал ауылында Бөкейхан мавзолейінің құрылысы аяқталды. Мавзолейдің биіктігі - 18 метр, ені - 12 метр.
2011 жылы Алматыда дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында аты аңызға айналған қазақ әншісі Күләш Байсейітованың ескерткіші ашылды.
2011 жылы «Қазпошта» АҚ ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Орымбек Жәутіковтің туғанына 100 жыл толуына орай «Естелік, мерейтойлық күндер» сериясынан пошта маркасын айналымға енгізді.
2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі Т.Г. Шевченконың туғанына 200 жыл толуына арналған, естелік монетасын айналымға шығаратынын хабарлады. Номиналды бағасы 500 теңге сапасы «proof» күмістен, номиналдық құны 50 теңге «нейзильбер» қорытпасынан.
2015 жылы Сочиде «Ресей-Қазақстан» III жастар экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Шара Мемлекеттер басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстанның XII өңіраралық ынтымақтастығының форумы аясында өтті.
2015 жылы Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы бабалар жолы» атты көрме өтті.