Жәнібек Әлімханұлы: Головкин – менің ағам!

Жәнібек Әлімханұлы: Головкин – менің ағам!

Жәнібек Әлімханұлы: Головкин – менің ағам!
ашық дереккөзі
Орта салмақта күш сынасып жүрген кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі жеке парақшасында жанкүйерлердің Геннадий Головкин туралы сұрағына жауап берді. «Жанкүйерлер Геннадийді неліктен жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол – менің ағам. Қазақстанда үлкендерге құрмет көрсету керек, бұл – біздің дәстүріміз. Бәлкім, кейбір жанкүйерлер мұны түсінбес. Бірақ көпшілік дәстүрге берік болу керек екенін жақсы біледі. Бұл – QAZAQ STYLE!», – деп жазды боксшы парақшасында. Айта кетейік, Геннадий Головкин – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Жәнібек те осы дивизионда өнер көрсетеді.  width=