Зейнеткер көз жұмды: адам қағып, қашып кеткен 21 жастағы азамат ұсталды

Зейнеткер көз жұмды: адам қағып, қашып кеткен 21 жастағы азамат ұсталды

Зейнеткер көз жұмды: адам қағып, қашып кеткен 21 жастағы азамат ұсталды
ашық дереккөзі
«Жезқазған – Сәтбаев» тас жолында жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде қарт әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері 21 жастағы көлік иесін ұстады. Көлік оқиғасы 12 қыркүйекте Жезқазған қаласында болған болған. Оқиға салдарынан қарт әйел Жезқазған қаласының медициналық мекемесінде көз жұмды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Куәгерлер жүргізуші қара түсті ВАЗ-21099 автокөлігінде болғанын айтты. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың автокөлігі тәркіленді. ҚР ҚК-нің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» және ҚР ҚК-нің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.