Елбасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.

a6a7df91 d4df 4483 a5e6 7c0916c00d86

Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ  аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.  

0a6e799f c082 451f bd08 35dec7800551

Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар. Н.Назарбаев Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.

ce99a7dd c330 41ff b575 db354eeced7f

Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Аталған кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек спорттың еркін күрес, тхэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды алты түрі бойынша жаттығады.

a28109e6 ba3a 446d ae55 2a69f2a3b78b

Back to top button