Жатақханадағы өрт: қаза тапқан мұнайшылардың отбасына 5 млн теңгеден төленді

Жатақханадағы өрт: қаза тапқан мұнайшылардың отбасына 5 млн теңгеден төленді

Жатақханадағы өрт: қаза тапқан мұнайшылардың отбасына 5 млн теңгеден төленді
ашық дереккөзі
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС Боранқұл кен орнында өрт салдарынан мерт болған екі жұмыскердің отбасына материалдық көмек ретінде 5 млн теңге төленгенін хабарлады. Сонымен қатар компания өзінің ішкі құжаттарына және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта олардың асырауында болған отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемдерін тағайындау мәселесі де пысықталуда. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС марқұмдардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Оқыс оқиға шамамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнындағы екі қабатты жатақханада болған.