Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді
ашық дереккөзі
Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.