Жаңалықтар

Алматы облысында мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысының Ұйғыр ауданында мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы жағдайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады.

1975 жылғы ер адам өз үйінде асылып қалған.

«Азизжан Турсунович Дараев 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үлкен Ақсу ауылындағы Ғ.Садвакасов атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істеген. Үйленген, отбасы бар», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Марқұмның артында үш баласы, жұбайы қалды. Екі баласы студент, бір баласы мектепте оқиды.

«Бүгінгі күні Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде орын алған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Back to top button