Түркістан облысында 22 адамнан тұратын отбасы онлайн санаққа қатысты

Түркістан облысында 22 адамнан тұратын отбасы онлайн санаққа қатысты

Түркістан облысында 22 адамнан тұратын отбасы онлайн санаққа қатысты
ашық дереккөзі

Түркістан облысында 22 адамнан тұратын отбасы халық санағына қатысты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Ведомствода хабарлағандай, көпбалалы отбасы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында тұрады.
"Менің жеті балам бар: төрт ұл, үш қыз. Қазір үйде 22 адам. Барлық отандастарымызды санақтан онлайн өтуге шақырамыз", - деді Абдулаким Абдазимов.
Ақсақалмен бір үйде балалары және 12 немересі тұрады екен.