Президент Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 7 азаматты "Айбын" орденімен марапаттады

Президент Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 7 азаматты "Айбын" орденімен марапаттады

Президент Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 7 азаматты "Айбын" орденімен марапаттады
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 7 азаматты "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қаулы мәтіні: ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:  
І дәрежелі «Айбын» орденімен
Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм)    –   Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы  
Заикин Сергей Владимирович (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы  
Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм)  –   Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;  
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы  
Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы  
Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері  
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм)  – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының                Президенті                                                                                 Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 қыркүйек № 660