Жаңа министр халыққа қызмет етуге ант берді

Жаңа министр халыққа қызмет етуге ант берді

Жаңа министр халыққа қызмет етуге ант берді
ашық дереккөзі

Бүгін Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалған Серікқали Брекешев ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант етемін», - деп Серікқали Брекешев салтанатты түрде ант берді.