Эпидахуал жақсарып келеді – Асқар Мамин

Елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,87. Ауруханалардың жүктемесі азайды. Инфекциялық ауруханалар 35 пайыз, жансақтау бөлімдері 35 пайыз толған», – деді Үкімет басшысы.

Қазір 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 6 млн адам екінші компонентін алды.

«Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинамен қамту жұмысын күшейтсін», – деді Асқар Мамин

 

Back to top button