Маңғыстауда 150 вакцина паспортын сатқандар ұсталды

Маңғыстауда 150 вакцина паспортын сатқандар ұсталды

Маңғыстауда 150 вакцина паспортын сатқандар ұсталды
ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 150 вакцина паспортын сатқан 8 адамды ұстады, олардың арасында медицина қызметкерлері мен делдалдар бар, деп хабарлайды InAktau.

Деректер базасында ресми тіркелген жалған құжат үшін дәрігерлер 30-50 мың теңге ақша алған. Ұсталғандар 150-ден астам азаматқа вакцина құжатын сатқанын мойындады.
"Факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу). Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жаиыр", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.