Жаңалықтар

Ұлттық банк: азық-түлік, шикізат, металдар мен автокөлік бағасы көтеріледі деген қауіп бар

ашық дереккөзі

Ұлттық банк: азық-түлік, шикізат, металдар мен автокөлік бағасы көтеріледі деген қауіп бар

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. COVID-19-дың қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, проинфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырды. ХВҚ болжамдары бойынша, биылғы жылы вакцинация мен ынталандыру шаралары аясында әлемдік экономика бірте-бірте 2022 жылы баяулай отырып, тез қалпына келуін көрсетеді. Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын елдер экономикаларының өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ЕО және Ресей бойынша жақсарды, ал Қытай бойынша аздап төмендеді. Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдеріне, шикізатқа, металдар мен автомобильдерге бағаның ұлғаюы аясында жоғары деңгейде қалуын жалғастыруда. Азық-түліктің жоғары әлемдік бағаларымен инфляциялық үрдіске қосылатын үлес қалыптасады. Бұған – 2021 жылғы тамызда ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық көрсетуде 32,9%-ға өсуі дәлел. Осының аясында бүкіл әлем бойынша өндірушілер жеткізілімдер мен логистика, шикізат және дайын өнімнің жоғары бағаларының проблемалары туралы хабарлайды. Нәтижесінде тамызда 11,4%-ға жеткен азық-түлік инфляциясы баға өсуіне әсер етті. 2021 жылғы сәуірден бастап инфляцияның орташа айлық мәні соңғы 20 жылдағы орташа мәннен асып түседі, бұл жаз айларына тән емес. Жылдық азық-түлік инфляциясының қазіргі жеделдеуіне көкөністер (26,1%-ға), атап айтқанда ұзақ сақталатын көкөністер бағасының күрт өсуі (картоп – 29,7%-ға, сәбіз – 68,2%-ға, қызылша – 124,0%-ға) елеулі үлес қосты. Жаңа егін түскенге дейін ішкі қорлардың сарқылуы жағдайында бұл өнімдерге бағаның ай сайынғы өсуі жазғы кезеңге тән емес рекордтық мәндерді көрсетті. Жем-шөп дақылдарының қымбаттауы салдарынан өндірушілер бағасының өсуінен туындаған ет және ет өнімдері бағасының өсуі (9,5%-ға) байқалады. Жалпы әлемдік үрдістен кейін әлемдік нарықтағы ұсыныстың қысқаруынан туындаған өсімдік майына (күнбағыс майы – 66,8%-ға, зәйтүн майы – 9,0%-ға) бағаның жедел өсуі жалғасты. Азық-түлікке жатпайтын инфляция ЖЖМ бағасының (13,1%-ға), киім-кешек пен аяқ киім бағасының (6,5%-ға) өсе түсуі нәтижесінде 2021 жылғы тамызда 7,3%-ға дейін үдеді. Өзіндік құнның өсуі және экономикалық белсенділіктің қалпына келуі ЖЖМ бағасының өсу факторлары болып табылады, ал киім-кешек пен аяқ киім бағасы импорттық тауарлар бағасының өсуіне және тұтынушылық сұраныстың қалпына келуіне байланысты өсуде.