Жыл басынан бері 129 келі есірткі тәркіленіп, 11 есірткі зертханасы жойылған
Жыл басынан бері 129 келі есірткі тәркіленіп, 11 есірткі зертханасы жойылған
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 129 келі синтетикалық есірткі тәркілеп, 11 есірткі зертханасын жойған.
Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов министрлікте өткен брифингте хабарлады.
Олардың бірін Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 28 жастағы тұрғыны ұйымдастырған.
- Тінту кезінде оның үйінен салмағы 47 грамнан асатын психотроптық заты бар полиэтилен пакет тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша бұл зат (мефедрон) психотроптық заттың (эфедронның) аналогы болып табылатыны анықталды. Әрі қарай полиция қызметкерлері жерасты зертханасын тапты, - деді Әмірханов.
Тінту кезінде одан 10 келі психотроптық заттар, электронды таразылар, канистрлер, колбалар тәркіленді. Алынған ұнтақ заттың жалпы салмағы 67 килограмнан асты.