«Нұр отан» партиясы: Жастар – жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі күш
«Нұр отан» партиясы: Жастар – жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі күш
Сыбайлас жемқорлық – қоғам өмірінің бар саласына тамыр жайған індет. Көп болып қарсы тұрғанда ғана оның тамырына балта шабуға болады. Жемқорлықпен күрес ісіне, әсіресе, жастарды тартудың маңызы артып келеді. Бұған «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен еліміздің әр аймағында өткізілген іс-шаралар дәлел.
Апта басында «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Нұр Отан» партиясының «Жемқорлықсыз мемлекет – гүлденген мемлекет» жобасы мен аймақтық мемлекеттік қызмет істері бойынша Департаменті, Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапына ерекше сенім білдіруге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында «Еркін пікір» пікірталас алаңдарын ұйымдастырды.
Үш күн бойы «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалы мүшелерінен құрылған 3 мобилді ақпараттық-насихаттау топтары облыстың 17 ауданымен 2 қаласын аралады. Шаралардың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын құру арқылы барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысына тарту.
– Достық жағдайда өткен 19 бетпе-бет кездесу барысында бізге облыс бойынша жағдайды біліп, халықтың ұсыныстары мен ойларын тыңдауға мүмкіндік берді. Кездесулер барысында әлеуметтік сауалнама жүргізілді, қорытындылары жемқорлыққа қарсы нәтижелі тетіктерді жетілдіруге жағдай жасайтынына сенімдімін, – деді Жанаргүл Жүнісова.
Облыс орталығындағы пікірталас алаңы барысында жемқорлыққа төзбеушілік туралы пікірлерімен Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының «Науан Хазрет» Ақмола облыстық мешітінің наиб имамы Алмат Жүнісов пен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов бөлісті. Пікірталас алаңының қатысушыларын жастар арасында жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстармен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасы орынбасары Сымбат Үсен таныстырды.
– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері ретінде мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтар мен ұйымдар танылды. Осыған орай, қоғамдық кеселмен күресте белсенділік танытып, халық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыріға үлес қосуға шақырамын», – деп ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев атап өтті.
Осы аптада Қызылорда облысындағы жасотандықтар да «Еркін пікір» клубының кезекті отырысын өткізді. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа жастардың төтеп беру мәселесі сөз болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарды тәрбиелеу тақырыбында өткен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов қатысты.
– Сыйбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Жастар барынша білімді, бәсекеге қабілетті болу керек. Жастар арасында құқықтық нигилизмді жою қажет, – дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Бақытжан Ниязов бүгінгі таңда электронды қызмет көрсету жемқорлықтың біршама төмендеуіне әсер еткенін атап өтті. Электронды қызмет көрсету алдағы уақытта информатика пәніне енетінін, барлық қызмет көрсетулер тек электронды түрде болатынын жеткізді.
Кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиал төрағасы Абылайхан Сабанбаев жемқорлыққа қарсы «Таза сессия» акциясы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– «Таза сессия» акциясы аясында облыстағы барлық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне сауалнамалар жүргізілді. Сондай-ақ сыбайластықтың алдын алу мақсатында 50-ге жуық түрлі кездесулер ұйымдастырдық, – деді Абылайхан Сабанбаев.
Жастарды жемқорлыққа қарсы жұмылдыруда «Нұр Отан» партиясының Қарағанды областық филиалы мен Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Қоғамдық кеңесінің бірлесе өткізген «Біз – жемқорлыққа қарсымыз» атты акциясының да маңызын айта кеткен жөн.
– «Нұр Отан» партиясының барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті «Сыбайлас жемқорлықсыз ел - өркендеуші ел» атты жобасы аясында жүргізіледі. Жыл басынан бастап партия филиалдарымен аталған Қоғамдық кеңестің 40-тан астам отырысы өткізілді. Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік билік органдарына сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жою жөнінде 50-ден астам ұсыныстар енгізілді. Жыл басынан бастап барлық деңгейдегі мәслихаттарда депутаттық фракциялар мүшелері бастапқы партия ұйымдарымен 147 кездесулер өткізді, оған 11000-нан астам адам қатысты, – дейді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Алмас Тәжіғұлов.
2015 жылдың және биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша партиялық бақылау комиссиясының материалдарына байланысты партиялық жауапкершілікке тартылғандар саны – 23, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін – 15, «Нұр Отан» партиясы қатарынан –23 адам шығарылды деп атап өтті Алмас Тәжіғұлов.
– Көптеген адамдар өздерінің проблемалы сұрақтарын шешу үшін партия филиалының Қоғамдық қабылдауларына жүгінеді. Сондықтан да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы Қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрақты негізде облыстық прокуратура, Ішкі істер департаменті, Әділет департаменті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің департаменттерімен бірлесе тұрақты жүйелі түрде құқықтық кеңестер береді және қабылдаулар өткізеді, – деді облыстық филиалдың партиялық бақылау инспекторы.
Сондай-ақ, партиялық инспектор аталған іс-шараны өткізу барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізілетін «Әділет кеңес береді», «Жолда қабылдау» сияқты кең ауқымды акциялар оң көрсеткіш көрсеткенін атап өтті. Осындай өткізілетін акциялар облыстың тұрғындарының көпшілігін қамтуға мүмкіндік береді. Акция аясында заңдық кеңестер алудан басқа, азаматтарда өздерінің проблемалық мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының басшыларына өздерінің проблемалық сұрақтары бойынша жүгінуге мүмкіндік бар және де оларды еш кедергісіз, белсенді, ашық шешуге болады.
Биылғы жылы Қарағанды өңірінде акция аясында 29 семинар, 31 дөңгелек үстел, 37 рейд, ұжымдармен 86 кездесу ұйымдастырылған, 2 рет «STOP-Қылмыс» акциясы, 7 рет «Әділет кеңес береді» акциялары өткізілген.
Партияның облыстық филиалымен акцияға арнайы ақпараттық буклеттер әзірленген, оған «Сенім телефондары» және «Жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» партиялық жоба жұмысының бағыттары туралы ақпараттар көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің жемкорлыққа қарсы профилактикасы жөніндегі басқарма басшысы Смағұлов Дидар атап өткендей, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын іске асыру барысындағы ерекше жауапкершілік жастарға жүктеліп отыр. Оларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы видео көрсетілді.
Жалпы, «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» аясында өткізілген акция барысында сөз сөйлеушілер атап өткендей,тек азаматтардың, меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарының, күш-жігерін біріктіре отырып жемқорлықты жоюға болады. Акция соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағытында бірлескен іс-шараларды жалғастыруға, ақпараттық материалдарды халық арасында одан әрі де таратуға ниетті екендерін жеткізді.