Алматы облысында 2 800 оқушы карантинге жіберілді

Алматы облысында 2 800 оқушы карантинге жіберілді

Алматы облысында 2 800 оқушы карантинге жіберілді
ашық дереккөзі

Оқу жылы басталғаннан бері Алматы облысында 244 сынып 2 апталық карантинге жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзірге карантинге ешбір мектепті жапқан жоқпыз. Қазір ауру жұқтырған балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, сыныптарды 2 апталық карантинге жіберіп, онлайн оқыту режиміне көшіріп жатырмыз. Бүгінде 244 сынып 2 апталық карантинге жіберілді. Бұл – 2 800 бала. Жалпы статистиканы айтсақ, бізде 22 400 сынып бар. Бүгінде соның ішінде 244 сынып жабылды. Бүкіл сыныптардың 1 пайызы ғана деген сөз. Жалпы облыс бойынша 442 мың оқушы бар. Сонда сыныптардың бір пайызы ғана карантинде, - деді әкімнің орынбасары Батыржан Байжұманов.