"Жағдай жасалмайтын болса, несіне шақырады?": Солтүстікке көшкендер наразылық білдірді

"Жағдай жасалмайтын болса, несіне шақырады?": Солтүстікке көшкендер наразылық білдірді

"Жағдай жасалмайтын болса, несіне шақырады?": Солтүстікке көшкендер наразылық білдірді
ашық дереккөзі

Солтүстікке көшіп барғандар наразылық білдірді. Олар әкімдіктің берген үйінде тұру мүмкін емес дейді. Ал қайтуға келісімшарт кедергі, - деп хабарлайды Aibаt жаңалықтар қызметі.

Комиссия қабылдап алған үйдің жылу құбырлары жалғанбаған, едені тесік, қабырғалары ылғалдан көгере бастапты.
"Қыста ол үй тұруға жарамайды. Менің мүгедек қызым бар. Үлкен балам үйленген, оның кішкентай нәрестесі бар. Әкімшіліктің адамдары, жұмыспен қамту орталығының адамдары тек уәде беріп қояды, сонымен болды. Арғы жағы қараусыз қалып кетеді екен", - дейді солтүстікке қоныс аударған Бақытгүл Көпжасарова.
Бұл үйлерде осыған дейін де оңтүстіктен қоныс аударған қазақтар тұрған. Алайда сапасыз салынған үйлерде ұзақ тұрақтамай, кейін көшіп кеткен.
"Олай халықты алдап оңтүстіктен, батыстан, шығыстан шақыратын болса, қинайтын болса сонда халықты мазақ еткені ме? Не үшін шақырады халыққа жағдай жасалмайтын болса?", - дейді солтүстікке қоныс аударған Өлмес Бердиева.
Ал Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесовтің айтуынша, Бақытгүл Көпжасарова баспананы жаңадан салынған үйден өзі таңдап алған. Ал көрсетілген бейнежазба ескі, шындыққа жанаспайды деп, өздері видео түсіріп жіберген.
"Ол үй емес. Ол кісіні біз басқа 2020 жылы соғылған жаңа үйге көрсеттік. Ол кісі өзі таңдады сол үйді. Ол үйде алдында оңтүстік өңірден көшіп келген азаматтар тұрған. Ол кісі қараусыз қалдырып кеткен. Тұрғын үй бөлімі ол жағдайды қалпына келтіріп жатыр", - деді Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов.
https://youtu.be/SpCJ-BpE--A