Тоқтар Әубәкіров коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты

Тоқтар Әубәкіров коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты

Тоқтар Әубәкіров коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты
ашық дереккөзі

Тамызда коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен Тоқтар Әубәкіров ауруханадан шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақпаратты елорданың денсаулық сақтау басқармасы растады.
75 жастағы Тоқтар Әубәкіров өткен аптада ауруханадан шықты. Ол қалалық жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдады. Тоқтар Әубәкіровке орташа ауырлықтағы Covid-19 және екі жақты полисегменттік пневмония КT-1 диагнозы қойылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.