"31 арнаға" жаңа бас директор тағайындалды

"31 арнаға" жаңа бас директор тағайындалды

"31 арнаға" жаңа бас директор тағайындалды
ашық дереккөзі

"Астана" телеарнасының бұрынғы бас директоры Құрманбек Жұмағали "31 арнаға" бас директор болып тағайындалды.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Құрманбек Жұмағали 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген. Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Әр жылдары "Қазақстан" телеарнасында редактор, "Хабар" агенттігінде редактор-жүргізуші, тілші, Қарағанды облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің басшысы болған, "Қазақ радиосын" басқарған. Тағайындалғанға дейін "Астана"телеарнасының бас директоры болған.