Жаңалықтар

Туысының мәйітін жарты жыл қорада сақтаған мұғалім жұмыстан босатылды

ашық дереккөзі

Туысының мәйітін жарты жыл қорада сақтаған мұғалім жұмыстан босатылды

Туысының денесін жарты жыл қорада сақтаған мұғалім жұмысынан босатылды. Атырау облысының Махамбет ауылына қарасты Таңдай ауылының тұрғындары мұғалімнің балаларға сабақ беруіне қарсы шығып, наразылық білдірді. Олар мәйітпен алты ай бірге тұрған әйелдің балаларға білім беруі сорақылық деп санап, оның ауылдан кетуін талап етті. Нағашы ағасының мүрдесін жұрттан жасырған мұғалімнен оқушылар түгілі, үлкендер де қорқатын көрінеді. Облыстық білім беру басқармасының басшысы ата-аналардың арыз-шағымын қарап, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар педагогты қызметінен қуды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Мектеп әкімшілігі бірнеше рет әдеп туралы кеңеске шақырған. Сол бойынша шақырту қағазын жіберген. Педагог бас тартып, келмей отыр. Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыстан босатылды, - дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.