Жаңалықтар

Құрамында есірткі бар дәріні пайдаланатындар азаймай отыр – ІІМ

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің түрі көп, кейбірінің құрамында есірткі бар. Кез келген дәріні мөлшерінен тыс қолданса, адам есінен танады.

«Соның ішінде ең қауіптісі – трамадол – синтетикалық героин. Осыдан нашақорлық басталады. Трамадолға тәуелді адамды бірден анықтау қиын. Нашақор тұмаумен ауырғандай күйде жүре береді. Бала препаратты пайдаланса да, ата-ана байқамауы мүмкін», – деді Бақытжан Әмірханов.

Тропикамид, Цикломед сияқты дәрілерді де есірткі орнына пайдаланатындар кездеседі.

Сондықтан биыл маусым айында Үкімет қаулысымен ол препараттарды күшті әсері бар заттар тізіміне қосты. Сол себепті, енді полицейлер бұл дәрілердің заңсыз айналымы үшін сатқан адамды да, пайдаланушыны да жауапқа тарта алады.

Back to top button