Қазақстанның Бельгиядағы жаңа құрметті консулы тағайындалды
13 қыркүйек, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Қазақстанның Бельгиядағы жаңа құрметті консулы тағайындалды
Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы консулдық округ және Қазақстанның құрметті консулының экзекватурасы мен патентін табыстау рәсімі өтті, – деп жазды ҚазАқпарат.
Құрамына 35 мыңнан астам кәсіпорын кіретін «BECI» сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі, төрағасы Оливье Вилокс Қазақстанның жаңа Құрметті консулы болды.
Сонымен қатар, О.Велокс – Брюссельдің Бизнес федерациясы мен Валлон кәсіпорындар одағы Директорлар кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан ҚР-ның жаңа Құрметті консулымен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру жөніндегі нақты жоспарларды талқылады.