Қытай медицинасы ұзақ жасауға қалай көмектеседі?

Қытай медицинасы ұзақ жасауға қалай көмектеседі?

Қытай медицинасы ұзақ жасауға қалай көмектеседі?
ашық дереккөзі
Қытай халық республикасының Мемлекеттік кеңесі қоғамдық денсаулық туралы жариялаған ресми құжатта соңғы 35 жылда Қытай халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 68-ден 76 жасқа дейін ұзарғаны айтылады. Демек, Қытайда ұзақ өмір сүретіндердің қатары қалың деуге болады. Ал оған не себеп болып отыр? Қытай медицинасы өз ерекшелігімен әлемге белгілі. Қытайда адамдарды емдеуде дәстүрлі халық медицинасына сүйенеді. Оларда біздегі дәріханаларда толып тұратын химиялық жолмен жасалған дәрілер емес, түрлі шөптердің тамырынан, жан-жануардың сүйегінен, етінен, бақалшақтардан, т.б. жасалған дәрілер болады. Дәріханаларда дәріні дәрігердің рұхсатынсыз сатпайды. Сондай-ақ дәріханаларда арнаулы дәрігерлер келген клиенттерге өздері диагноз қойып, ауруының не екенін, оған қандай дәрілер керек екенін айтып рецепт жазып береді. Аурудың түріне қарай жиырма не одан да көп шөп тамырлары, т.б. компоненттерді суға қайнатып, дайындап береді. Тағы бір айта кететін нәрсе, қытай медицинасы есектің етінен де дәрі жасайтын көрінеді. (Ондай дәрілердің жарнамасы Қытайда барлық жерде көрсетіледі). Сондықтан 2016 жылдан кейін елде есектің тұқымы мүлде құруға айналған. Сондықтан олар есекті сырттан сатып ала бастаған. Есектің етін базарларлар сатады. Бағасы қымбат. Мәселен, есек етінің жарты килосы 45 юань (2990 теңге) тұрады екен. Қытайлар есектің жыныс мүшесі мен аталық безі өте пайдалы деп санайды, сондай-ақ терісі де қымбат. Олардың 500 граммы 50 юаньға сатылады. Есек терісінен дәрілер жасалғанымен оның етінің пайдалы екені ғылыми тұрғыдан дәлелдене қоймаса да қытайлықтар оның адам ағзасына өте қажет екеніне сенеді екен. Қытайдағы тағы бір кең таралған танымал дәрілік нәрсенің бірі − жылан тұнбасы. (Оны тірі жыланды банкаға салып, үстіне 50 уыты 50 градусты арақ құйып жасайды). Сонымен бірге жылан уынан жасалған таблеткалар да кез келген дәріханадан табылады. Жыландар арнаулы фермаларда өсіретін көрінеді. Мәселен, сондай бір жылан фермасы бар қалада 170 отбасы тұрады екен, олардың жылдық табысы 150 мың доллардан 15 миллионға дейін жетеді екен. Демек, тұрғындардың көбі миллионер деген сөз. Жалпы қытай медицинасы − өте үлкен бизнес көзі. Мәселен, 2012 жылы дәстүрлі медицина өнімдерін сатудан 25 миллиард доллардан артық ақша түскен.