Медузалар әлемге қауіп төндіруде

Медузалар әлемге қауіп төндіруде

Медузалар әлемге қауіп төндіруде
ашық дереккөзі
Мұхитта өмір сүретін өзгеше тіршілік иесінің бірі − медуза. Ол еркін жүзіп тіршілік ететін ішекқуысты жәндік. Денесі үлкендігі көлденеңінен 2-3 миллиметрден 40 сантиметрге дейін жетеді, қолшатыр немесе қоңырау пішінді. Олар біздің ғаламшарда динозаврлар мен акулалардан да бұрын бар, яғни, осыдан 500-700 миллион жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар жойылмайтын жәндіктің түріне жатады. Өзге түрлер жойылып жатқанда медузалар, керісінше, көбейіп барады. Олардың өсуін тежеу де мүмкін болмай отыр. Қай нәрсенің де шектен тыс көбеюі зиян ғой, бүгінде медузалардың көптігінен АҚШ, Израиль, Швеция сияқты елдер зиян шегіп отырған көрінеді. Медузалардың кесірінен аталған елдердің электр станцияларының жұмысы іркіліп қалып жатқан да жайлар бар. Себебі, бірнеше тонна медузалар олардың энергожүйесіне зақым келтіреді. Мәселен, Жапонияның кейбір электр станциялары бір күнде 150 тонна медузадан тазартылады екен. 2006 жылы АҚШ-тың «Рональд Рейган» атты әскери кемесі жөндеуге жіберілген, себебі бұл кемедегі ядролық реактордың салқындату жүйесіне медузалар зиян келтірген. Міне осындай жайларға байланысты медузалардың көбейіп бара жатқанына мұхиттанушы ғалымдар дабыл қағып жатыр. Дегенмен оны азайтудың бір жолын қытайлықтар тапқан тәрізді. Олар жылына 350 миллион тонна медузаны аулап, одан тамақ жасайды. Медузаларды ұстаған бойда оны суға пісіруге болмайды, өйткені ол еріп суға айналып кетеді екен.