Жаңалықтар

«Далада снаряд жата ма?». Семейде серуенге шыққан зейнеткер артиллериялық снаряд тауып алды

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралына серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алған.

ҚазАқпарат агенттігінің ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 69 жастағы азамат Бейбітшілік аралынан снарядқа ұқсас зат тауып алғанын айтты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен.

«Тексеру барысында белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығуға арналған артиллериялық снаряд. Ол айналаға ешқандай қауіп төндірмейді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта снаряд әскери бөлім қызметкерлеріне жеткізілді.

Back to top button