ҚазҰУ-дың Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды

ҚазҰУ-дың Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды

ҚазҰУ-дың Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары болып, 9 жыл табан аудармай қызмет еткен филология ғылымдарының кандидаты, Сансызбай Шарапиұлы Мәдиев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Сансызбай Шарапиұлы, осы уақыт аралығында өзіңізді жақсы қырыңыздан таныттыңыз. Алда журналистика факультетінің филологиялық базалық білімін жетілдіру үшін Тіл білімі институтында жинаған тәжірибеңізді пайдаланады деп сенеміз» делінген Институт директоры Анар Фазылжан мен ұжымы атынан жазылған құттықтау жазбада.