Жаңалықтар

Ақтөбеде адам өлімі болған жол апатында Lexus 470 жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Ақтөбеде Lexus 470 жүргізушісі жол апатын жасап, жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні сағат 06:30-да Lexus 470 автокөлігінің жүргізушісі 41-разъезд жақтан Зинченко көшесі бағытында, кедендік басқару ғимаратына қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатып, басып озу кезінде алда келе жатқан автокөліктің солға маневр жасау туралы сигнал бергенін байқамай, ілеспе бағытта келе жатқан Газ-278814 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан кейін Lexus 470 автокөлігі оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus 470 автокөлігінің 29 жастағы жолаушысы көліктің салонынан жол жиегіне құлап, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, онда алған жарақатынан есін жимай, көз жұмды.

Полиция қызметкерлері кешенді іздеу іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде 28 жастағы көлік жүргізушісі ұсталды, анықталғандай, ол осы жылдың мамыр айында жүргізуші куәлігінен айырылған. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Back to top button