Елордада жексенбі күндері де автобустар қатынай бастайды

Елордада жексенбі күндері де автобустар қатынай бастайды

Елордада жексенбі күндері де автобустар қатынай бастайды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша алдағы жексенбіден бастап қоғамдық көліктер демалыс күндерінде де жүре бастайды. Қаулыда 12 қыркүйектен бастап жексенбі күндерінде де қоғамдық көліктердің қатынай бастайтыны көрсетілген. Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру міндеттеліп отыр. Жолаушылар ең көп қатынайтын қарбалас кездерде автобус санын көбейту тапсырылды. «Соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі шарт», – делінген жаңа қаулыда.