Алматы облысында қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен

Алматы облысында қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен

Алматы облысында қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен
ашық дереккөзі

Алматы облысында қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен.

Енді ағамыздың басын ала алмай отырмыз деп Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары Еуразия арнасына шағымданған. Айтуларынша жалданып қой бағатын 45 жастағы ағалары 23 тамызда жоғалып кетіпті. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан. Сараптама бойынша марқұмның басынан атып өлтіргені анықталыпты. Тергеу кезінде сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған. Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмаған. Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпады.
«Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін. Полицейлеп өз нелерімен жұмыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, следак бар, начальник РОВД бар ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ», - дейді марқұмның бауыры Нұрлан Ниязов.
https://www.youtube.com/watch?v=KWF05pSfGQo&t=79s