Өмірзақ Шөкеев: Мен келеді екен деп көзбояушылық жасауға болмайды

Өмірзақ Шөкеев: Мен келеді екен деп көзбояушылық жасауға болмайды

Өмірзақ Шөкеев: Мен келеді екен деп көзбояушылық жасауға болмайды
ашық дереккөзі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларымен бірге облыс орталығындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ясауи көшесінің бойындағы желілік саябақ құрылысымен танысып, мердігерлермен кездесті.
Жалпы ауданы 11 гектар болатын демалыс аймағы құрылысының бірінші кезеңі қараша айына дейін аяқталмақ. Саябаққа талаптарға сай жаңа орындықтар, диодты шамдар орнатылады. Көшеттер, гүлдер отырғызылып, көгалдандырылып, абаттандырылып жатыр.
Түркістан қаласын көгалдандыру аясында жасыл аумақ ұлғайып, суару жүйесі жетілдірілуде. Бұл бағытта атқарылған істер барысымен танысқан облыс әкімі жауапты басшылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
«Бұл жерге мен болмасам келмейсіңдер. Өткендегі болған нәрсе, әлі де сол күйі тұр. Ешқандай алға басу жоқ. Мен келеді дегенде 5-6 адам шақырып алып, көзбояушылық жасайсыздар. Бұлай болмайды», – деді облыс әкімі.