Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Серікқали Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген. 1995 ж. - Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультетін бітірген. 1995-1997 жж. - «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист. 1997 ж. - Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор. 1997-1998 жж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер. 1998-2006 жж. - «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған. 2015-2020 жж. - «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.