Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
“Қазгидромет" РМК-ның 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамына сәйкес, апта соңында ел аумағының басым бөлігі әлі де циклон ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғып, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндерге дейін төмендеуіне әкеледі. "Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 градус аяз, күндіз 15-27-ден 20-30 градусқа дейін жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-13 градустан 3-10 градус жылыға дейін, күндіз негізгі фон 12-23 градус жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 градус жылы, 3 градус аяздан – 5 градус жылыға дейін, күндіз негізгі фон 10-20 градус жылы, шығыста 5-13 градус жылыдан 1 градус аяз – 10 градус жылыға дейін, күндіз 17-25 градус, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 градус жылы болады", - делінген хабарламада.