Оқушыларды «ақымақ маймылға» теңеген мұғалімнің ісі қаралады

Оқушыларды «ақымақ маймылға» теңеген мұғалімнің ісі қаралады

Оқушыларды «ақымақ маймылға» теңеген мұғалімнің ісі қаралады
ашық дереккөзі
Шахтинск қаласындағы №6 орта мектептің мұғалімі балаларды «ақымақ маймыл» деп атаған. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратып жіберген. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, аудиожазбада мұғалімнің оқушылардан мектеп дәлізінде тек маска тағып жүруін талап еткенін және карантин режимін бұзған балалардың ата-анасына айыппұл салынатынын айтып қорқытқаны естіледі. "Егер тағы бір рет біреуіңді, дәлізде маска тақпай жүрген бір маймылды көрсем, оның анасы немесе әкесі осында тұрып, айыппұл толтырады. Мұндай ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар топ-тобымен карантинге жабылады. Екі күнде екі сынып карантинге жабылды. Мен сендер сияқты маймылдарға масканың не екенін, дәлізде неліктен маска тағып жүру керек екенін, кімдер тәуекел тобына кіретінін түсіндіруге міндеттімін. Ал егер сендер мұны түсінбейтін ақымақ болсаңдар, онда ата-анаң келіп, ақ бетке қара қаламмен жазып берсін: менің ұлым немесе қызым ақымақ, түсінбейді", - дейді мұғалім балаларға.
Аудиожазба оқушылардың ата-анасы тіркелген чаттарда таралып, резонанс туғызған. Олар білім бөліміне шағымданып, жазбаны жергілікті әкімдіктің Telegram-арнасына жіберген. Ата-ана балалар мұндай қорлау сөздерді жиі еститінін айтып шағымданатынын жазған. Шахтинск қаласының білім бөлімі мән-жайды түсіндірді. Департамент ертең Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы болатынын, онда бұл мәселе қаралатынын айтты. "Қарағанды облысының Білім басқармасы Шахтинск қаласындағы мұғалімнің мінез-құлқына құқықтық баға беретінін қосымша хабарлаймыз", - деп толықтырды ведомство өкілі.