Коронавирус: Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус: Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус: Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта тұр
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары; «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары; «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.