Коронавирус: елімізде 7 миллионнан астам адам вакцина алды
Коронавирус: елімізде 7 миллионнан астам адам вакцина алды
Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 010 302 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Сондай-ақ вакцинаның II компонентін 5 834 656 адам алды.