Асхат Аймағамбетов Ақтөбеге жұмыс сапарымен барды

Асхат Аймағамбетов Ақтөбеге жұмыс сапарымен барды

Асхат Аймағамбетов Ақтөбеге жұмыс сапарымен барды
ашық дереккөзі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақтөбеге жұмыс сапарымен барды.

Министр жұмыс сапарын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар қауымымен кездесуден бастады. Білім ордасының ұжымына «Болашақ» бағдарламасының түлегі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Назарбаев университетінің докторанты Лаура Қарабасованы ректор етіп тағайындап, ұжыммен таныстырды. Содан кейін министр Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде болып, «Жас маман» жобасының жұмысымен танысты. Колледжде көптеген жастар ауыл шаруашылығы, мұнай және газ, электрмен жабдықтау бағытында білім алып жүр. Колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстарымен танысқан ол мемлекет тарапынан білім саласына жасалып жатқан қолдау тұрғысындағы жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов Батыс-2 шағын ауданында орналасқан «Білім» мектеп-гимназиясында болды. Жеке кәсіпкердің қаржысына тұрғызылған жаңа нысанның ішін аралап көрген бас ұстаз заманауи талаптарға сай жабдықталған сыныптарға өзінің оң бағасын беріп өтті. Жұмыс сапарының соңында министр өңір басшысы аймақтың білім саласының қызметкерлері, педагогика қауымдастығымен, мектеп директорларымен ұйымдастырылған кездесуге қатысып, ҚР Президентінің Жолдауында айтылған басымдықтарға тоқталды. «Мемлекет басшысы білім-ғылым сапасын арттыру бағытында алдымызға нақты тапсырмалар қойып отыр. Педагог мәртебесін көтеру, мектеп құрылысын арттыру, жоғары және арнаулы білім мекемелерін қолдау бойынша елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта Президент тапсырмасын орындау бойынша елімізде мыңнан астам мектеп салынады. Ақтөбе облысында да 20 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз облыс әкімімен бірге білім саласын қолдау бағытында екіжақты меморандумға қол қойдық. Сапалы білім беру мен ұстаздар қауымын қолдау тұрғысынан келгенде Ақтөбе облысының әлеуеті өте жоғары. Өңірде жасалған жұмыстар өте көп, бірлесіп атқаратын жұмыстар өз жалғасын табатын болады», - деді Асхат Аймағамбетов.