Қостанайда темір әткеншек қирап, 8 жастағы қыз жарақат алды

Қостанайда темір әткеншек қирап, 8 жастағы қыз жарақат алды

Қостанайда темір әткеншек қирап, 8 жастағы қыз жарақат алды
ашық дереккөзі
Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сафуан Жампейісовтің мәліметінше, 8 жасар қыз әткеншек теппек болғанда ол қирап, басына темір тиген. Қостанай облысы тұрғыны қызым жарақат алды деп полицияға арызданды. «Осыған қатысты Қостанай облысының полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсетуге» сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді С. Жампейісов. Тергеу барысында кінәлілер анықталып, кемшілікті жою ұсынылады.