Банк маңындағы атыста жараланған ер адамның жағдайы қанағаттанарлық

Банк маңындағы атыста жараланған ер адамның жағдайы қанағаттанарлық

Банк маңындағы атыста жараланған ер адамның жағдайы қанағаттанарлық
ашық дереккөзі
Дәрігерлер Тимирязев көшесінде банк бөлімшесінің маңында атыста жараланған ер адамның жағдайы туралы айтып берді. Алматының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне оқиға орнынан жедел жәрдем қызметі көмегіне екі адам жүгінгенін хабарлады. "Олардың біріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатудан бас тартты. Екінші адам миы шайқалып, бас жарақатын алғандықтан, Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оның жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Әзірше ол ауруханада тексерістен өтіп жатыр", - дейді Алматының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Еске салайық, Алматыда Тимирязев пен Марков көшесінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті. Бизнес орталықта "Сбербанк" және ВТБ банктері орналасқан. "Сбербанкте" оқиғаның банк бөлімшесімен қандайда бір байланысы болғанын жоққа шығарып отыр. Қазіргі кезде Тимирязев көшесіндегі қарақшылық шабуыл бойынша жергілікті ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Криминалды полиция бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан шабуыл жасаушылардың тұлғаларын анықтау мен оларды ұстау үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылған болатын. ВТБ банкінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікірін білдірді. Tengrinews.kz тілшісіне банктің баспасөз қызметіндегілер банк клиентіне шабуыл жасалды деген ақпараттың БАҚ-та пайда болуына байланысты банктің барлық бөлімшелері қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.