Қазақстан қашан көмірден толық бас тартады – Экология министрлігі

Қазақстан қашан көмірден толық бас тартады – Экология министрлігі

Қазақстан қашан көмірден толық бас тартады – Экология министрлігі
ашық дереккөзі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Қазақстан қашан көмірден толық бас тартатынын айтты, - деп жазды ҚазАқпарат. «Париж келісімі міндеттемелерін жүзеге асыру және 2060 жылға қарай «нөлдік» шығарындыларға қол жеткізу үшін Қазақстанның көмертектен бейтараптығы тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы аяқталады. Қазақстан шығарындылардың нөлдік баланысына қол жеткізуі үшін айтарлықтай өзгерістер жасауы, жаңартылатын энергия көздерін қолдануын кеңейтуі, энергия тиімділігін арттыруы және биоотын мен сутекке көшуі қажет», - деді вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісі барысында. Оның атап өтуінше, тұжырымдама нәтижелері газ мен мұнай өнімдерін төмендету қажеттігін және 2060 жылға қарай көмірден толықтай дерлік бас тарту қажеттігін көрсетті. «Тұжырымдама биыл Глазгода өтетін Климат жөніндегі тараптардың 26-конференциясында ұсынылатын болады», - деді Ахметжан Пірімқұлов.