Қарқаралыда Қарқабат анаға ескерткіш орнатылды

Қарқаралыда Қарқабат анаға ескерткіш орнатылды

Қарқаралыда Қарқабат анаға ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі
Қарқаралы қаласына кірген тұста Қарқабат анаға ескерткіш орнатылды. "Ұлы дала анасы" деп аталатын ескерткіштің ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым және т. б. қатысты.  width= Қарағанды облысы әкімдігінің иәліметінше, монумент қоладан жасалған, оның биіктігі тұғырмен бірге 7,5 метрді құрайды. Мүсіннің авторы – Бейбіт Мұстафин. Ескерткіштің орнатылуына Орталық Қазақстан Академиясының ректоры Бақтыбай Жүнісов бастамашы болды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ескерткіштің ашылуында Қарқабат ана – халық бірлігін, патриотизмді және парасаттылықты білдіретін нышандарының бірі екенін атап өтті. – Қаркабат ана барлық аналардың ұлы анасы деп аталады. Ол қазақ даласындағы аналардың барлық жақсы қасиеттерін, бүкіл халықтың анасын бейнелейді. Қарқабат-ананың даналығы, өмір жолы мен бейнесі өскелең ұрпақ үшін үлгі болады, – деді Жеңіс Қасымбек.