Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді

Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді

Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді
ашық дереккөзі
«Ақылы жолмен жүру тарифі 2013 жылы бекітілген. Содан бері өзгерген жоқ және өзгермейді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның дерегінше, елімізде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 1 теңгені, ауыр жүк көліктері үшін 1 шақырымына жүк сыйымдылығына байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ал көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Еуропа елдеріндегі тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.