Бекшин коронавирусты жұқтырудың негізгі себептерін атады

Бекшин коронавирусты жұқтырудың негізгі себептерін атады

Бекшин коронавирусты жұқтырудың негізгі себептерін атады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны кезінде халық арасында инфекцияны жұқтырудың негізгі себептерін атады. Ж.Бекшиннің айтуынша, эпидемияның төртінші толқыны кезінде халық арасында инфекциясының жұқтыруның негізгі себебі биологиялық қауіптің көрінбеуі, соның салдарынан халықтың қырағылығының төмендеуінен болды деуге болады. Яғни, азаматтар қауіпті шын мәнінде вирусты жұқтырып, ауруханаларына түскенде ғана, кей жағдайда тіпті отбасында жақындарынан айырылған кезде ғана түсінді. Вирус жұқтырудың себептерінің тағы бірі халықтың тыйым салынғанына қарамастан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (қала маңы аймағында және жалға алынған коттедждерде) жаппай отбасылық іс-шараларды (той, мерейтой және т. б.) ұйымдастыруымен байланысты. Сондай-ақ азаматтардың кейбір топтарының вакцинацияның пайдасына күмән келтіріп, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтамауы да қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың ушыға түсуіне түрткі болды. «Тағы бір айта кететін мәселе белсенділігі жоғары 20 жастан асқан жастардың маска тағу, арақашықтық сияқты карантин талаптарын сақтамай вирус жұқтырып, оны отбасы мүшелеріне жұқтырды. Сөйтіп, вирусты гипертаратушыға айналды», - деді Бекшин.