Жаңалықтар

Салықтың сара жолымен

ашық дереккөзі

Салықтың сара жолымен

Бауыржан Тұрсынұлы аймақтағы зия­лы қауым өкілдерінің өзекті ой­ларына аса мән беріп, өңірдегі қорда­ланып қалған жайттарды олардың тал­қыcына са­лып отырады. Соның бірі де бірегейі қо­ғам және мемлекет қай­раткері, заң ғы­лым­дарының докторы, профессор, Ұлттық ғы­лым академиясы­ның академигі, Қазақстанға ең­бегі сің­ген ғылым қайраткері, Қазақстан Тұң­ғыш Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, ға­сыр­лар бойы бабаларымыз аңсаған тәуел­сіз­дігіміздің тұғырлы болуына, Ата Заңы­мыз­дың қабылдануына айрықша үлес қос­қан заңғар заңгер, ғұлама ға­лым Салық Зи­мановтың өзі туып- өс­кен өңірде не кө­шеге, не мектепке әлі күн­ге аты берілмеуі еді. Бұл олқылықтың орнын академик Са­лық Зимановтың биыл­ғы 100 жылдық ме­рейтойы бары­сында толтыруға болатынын да атап көрсеткен. Өткен жылдың аяғында Атырау об­лыс­тық сотының төрағасы Бауыр­жан Жұмағұлов өңір басшылы­ғына Атырау қаласындағы көше мен мектептің біріне академик Салық Зи­мановтың есімін беру туралы ұсыныс түсірді. Жақында облыстық мәс­лихат­тың депутаттары кезекті сессияда об­лыстық сот төрағасының ұсынысына қол­­дау білдірді. Атырау қаласындағы №37 ор­та мектепке Салық Зимановтың есімін беру туралы шешім қабылданып, рес­пуб­ли­калық ономастикалық комис­сияға ұсыныс жіберілді. Енді ғалымның есімін көшеге беру мәселесі де өз шеші­мін табатын уақыт алыс емес. Қазақтың осындай маңдайалды тұл­ғаларын ұлықтау шын мә­нін­де ұлт­жанды азаматтың ғана қолы­нан келері хақ. Осылайша ұлы істерді үндемей-ақ, «мұны мен істедім» деп кө­кіре­гін соқпай-ақ тын­дырған Бауыр­жан Тұрсынұлының ісі қазақ­тың мен деген талай азаматтарына үлгі іспетті. Иә, көзі тірісінде-ақ заң ғылы­мы­ның патриархы атанған Салық Зима­нов­тың көркем мінезі, асыл бей­несі сана­мыздан ешқашан өшпей­тіні анық. Өйткені оның артында мыңдаған шәкірті, жоқ­тау­шысы әрі ізбасарлары бар. Соның бірі Бауыр­жан Тұрсынұлы отандық заң ғылы­мы­ның өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген, білікті, дарын­ды заңгерлер корпусын қалып­тас­тыр­ған академик С.Зимановтың 100 жыл­дық мерейтойы Үкіметтің жыл кес­тесіндегі мерейтойлар тізбесінен тыс қал­­ғанына қынжылыс білдіріп құр отыр­­май, өзінің қолынан келетін қыз­метін атқарып жатыр. Бауыржан Тұрсынұлы жұмысты жүйелі жүргізетін әрі қолға ал­ған ісін аяғына дейін жеткізетін жан­дар­дың са­на­тынан. 1991 жылы желтоқ­сан айының жуан ортасында «Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» Конс­титуциялық заңын қабылдау барысын­да екі күн айтыс-тартысқа түсіп, мәселе тығы­рық­қа тірел­генде тағы да келісім комиссия­сы­ның құрамына кіріп, Қазақстан Респуб­ли­касы атты жаңа тәуелсіз мемлекеттің дү­ниеге келгенін күллі әлемге танытқан тарихи құжаттың қабылдануына заң­гер, депутат ретінде зор үлес қосқан Салық Зи­манұлы туралы тарихи ес­теліктер мерзімді баспасөз бетінде аз жа­зылған жоқ. Дегенмен де академиктің биыл­ғы ғасырлық мерей­тойы қар­­саңын­дағы атқарылуы қажет істерді атап көрсете отырып, шын­дығында, елі үшін, ұлты үшін аянбай еңбек сіңірген дарабоз заңгердің өмір бойы адал­дық­тың ақ жолынан таймаған, ұлт келешегі үшін ойын мәймөңкелемей тура айта­тын ғалым турасында бұрын жарық көрмеген дерек­терді келтіре отырып, Б.Жұмағұлов «Ғұлама ғалымның ғибра­ты» тақырыбымен мақала жариялады. «Өмір бойы заңдылықтың, әділ­діктің жолында күресіп, басқаларды да соған үндеп, осы салаға мыңдаған кадр даярлаған ұстаз, ғалым бұған дейін жеті рет сотталып, тіпті жиған-тергенін үптеп кеткен кәнігі ұрыға араша түскен. Оның түрмеден кейінгі тіршілігіне ара­ласып, оған сеніммен қарап, қолұшын созды. Қылмыс жасап, түзелуден мүлдем кетті дегендердің жүрегінің түбінен болмашы үміт ұшқынын көріп, соны өшіріп алмау үшін алтын уақытын бөлді. Бұл – шы­нында да таңғаларлық жайт. Санасында саңы­лау бар әр адамды ойлан­дыратын өне­ге. Ұлы адамның ғана қолынан келетін ұлы­лық» – деп, аталған мақаласында ға­лым­­ның ел біле бермейтін қырын да Бауыр­жан Тұр­сынұлы оқырман назарына ұсынған. Ғұлама заңгер көзі тірісінде өз мұра­­сының көпшілік бөлігін ға­лым-бас­пагер, филология ғылым­дары­ның докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, қо­ғам қайраткері Ғари­фолла Әнеске аманат­та­ған бола­тын. Бүгінге дейін заңгер мұрасы­ның бес томдығы жарыққа шыққан. Енді Бауыржан Тұрсынұлының жіті на­зарындағы ға­лымның екі томдығы мен заман­дас­тары­ның естеліктері, деректі мақалалар қамтыл­ған заманауи энцик­лопедиялық анықтама­лық шығарыл­мақ. Бұл аты алты Алашқа мә­лім ғалым­ның есімін ұлықтау, оның ұшан-теңіз ғылыми мұрасын ел жадында қай­талап жаңғырту академик Салық Зима­нов ті­ке­лей атсалысқан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тамаша тарту болары анық. Иә, төрге шықса төбедей, төбеге шық­са төредей көрнекті мем­ле­кет және қоғам қайраткерінің бірі де бірегейі акаде­мик Салық Зимановтың биыл кең көлемде ғасырлық мерейтойы аталып өтуі тиіс. Елінің жігері, қоғам­ның тірегі болған, ұлты­мыз үшін, ұрпақ үшін осындай өлмейтұғын ісі, өнегелі еңбегі бар тұлғаны ұлықтау Бауыр­жан Тұрсынұлы үшін де зор жауап­кер­шілік, үлкен абырой. Мәуелі бәйтеректің аспанмен аста­сып, жайқала өсуі тамыр тарт­қан топырағының құнарынан. Бұл – табиғат заңдылығы, аттап кете алмай­тын ақиқат. Дала мінез, бала көңіл адам­­дар бар. Мына аспан асты, жер үстін­дегі табиғи құбы­лыс­тар жанына жат емес. Бір күні құм суырған те­нтек жел болса, бір күні аққайыңның жа­пыра­ғын тербеген ақ, ерке самал. Бауыр­­жан Тұрсынұлы да осындай өзі өскен, өзі өрбіген отбасы-топырағына тар­тып туған азамат. Жақ­сыдан ғибрат алу, жақсының шырайын шығару, жақ­сыға жанаса жүру –ата-анасынан алған тәрбие. Әкесі Тұрсын Жабықбайұлы мен ана­сы Кенжетай Батырбекқызы үйдің кенжесінің төбесінен құс ұшыр­маған, содан ба, саналуан қырлы сал­дардың сарқытындай мінезді, тура сөзді жігіт болып жетілді. Рас, әкесі тым қатал еді. Алайда бар жылы-жұм­сақты осы Бауыр­жанның аузына тосатын. Ата­лары­мыз кейбір баланы «ақылды тен­тек» деп басынан сипаған емес пе? Бұл ба­ла­ның келешегінен үміт күткен үкілі көңіл­дің белгісі іспеттес. Әрине, Бауыржан Тұрсынұлы от­ба­сын­дағы жарға біткен жал­ғыз жан­тақ емес. Ата-анасының кін­ді­гінен тара­ған алты аға-әпкесі бүгінде елге белгілі, тәуелсіз­дігімізді нығайтуға атсалысып келе жатқан азаматтар. Десе де, ата-анасы кенже ұлды жа­нына ж­а­қын тартты. Қатал мінезді болса да кен­же балаға келгенде бір мейірім үстем­­дік етіп тұратын. Жалпы сол уа­қыт­тың қайт­пас қайсар қазақтары ертең­гі ұрпақ қа­мын әріден ойлағаны анық. Иә, Бауыржан Тұрсынұлы өмір­лік ұста­нымында дүние қумай, білім­нен өріс іздеді. Зерек баланың санасына сәуле түсірген ата-ана өсиеті өз замандас­тары арасынан дара шы-ғуы­на жол ашқаны анық. Үлкенді құр­мет­теп ержетті, үздікті үлгі тұтты, ұстаз­ды ұғып өсті. Жоғарыда атал­­ған «Ғұла­ма ғалымның ғибраты» мақа­ла­сында: «Университетте оқып жүргенде С.Зи­­манов «Мемлекет және құқық тео­рия­сы» пәнінен сынақ қабылдайтын мемлекеттік комиссияның төрағасы бол­ды. Ол кісінің алдын көру қара­пайым студенттер үшін үлкен мәртебе еді. Менің заңгерлік қызмет­тегі ұстаз­дарым Қ.Мәми, О.Жұмабеков және Б.Бекназаров – Салық Зимановтың шә­кірт­­тері. Демек, ғұлама ғалым – біздің ұстаз­дары­мыздың ұстазы», – дейді автор.

Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты