"Сындырып, темір жалғап ұзартады": Әнші Мақпал Исабекова аяғын ұзарту үшін күрделі отаға дайын болғанын айтты

"Сындырып, темір жалғап ұзартады": Әнші Мақпал Исабекова аяғын ұзарту үшін күрделі отаға дайын болғанын айтты

"Сындырып, темір жалғап ұзартады": Әнші Мақпал Исабекова аяғын ұзарту үшін күрделі отаға дайын болғанын айтты
ашық дереккөзі

Танымал әнші Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында адамның сырт келбетін сынайтындар туралы айтты. Ол орынсыз мін тағудың салдары ауыр болатынын ескертті. Тіпті өз өмірінен мысал келтірді.

"Құрметті қыздар, әйелдер! Сіздерге үндеу жасап отырмын. Себебі, әйел заты көп жағдайда маған осындай жағымсыз пікір жазуға құмар. Дәл сіздер секілді әйелдердің кесірінен ең алғаш таныла бастаған кезде бойымның қысқалығынан қысылатынмын. "Ой, қандай кішкентай едің", "Қандай толықсың, аяғың қып-қысқа", "Бір метр", "Бойыңыз ұзын болса, қатып кетер еді", - деген сияқты пікірлерді көп естіп-оқитынмын. Ұзын бойлы болып көріну үшін биік өкшелі аяқ-киімдер кие бастадым. Менің "мінсіз" емес екенімді біреу көріп қоймас үшін жанталасатынмын. Биік өкше кие-кие екі аяғымның сіңірі шыға бастады. Қазір мен жабық аяқ-киім мүлдем кие алмайтын болдым. Аяғым ауырады", - дейді әнші.
Тіпті ол бойының қысқалығынан ыңғайсызданып, күрделі ота жасатудың сәл-ақ алдында қалғанын айтады.
"Мен мұндай ота жасауға болатынын біліп, зерттей бастадым. Былайша айтқанда, аяқты сындырып, темір жалғап, ұзартады. Ал қалпына келу үшін жылдар кетеді екен. Аяққа аппарат киіп бірнеше жыл жүру қажет. Мен елдің көзінде "мінсіз" болу үшін бұған да дайын болдым", - дейді ол.

А.Шахмардан