Жаңа оқу жылы: 421 оқушыдан коронавирус анықталды

Жаңа оқу жылы: 421 оқушыдан коронавирус анықталды

Жаңа оқу жылы: 421 оқушыдан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі

Жаңа оқу жылында 421 оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

– Бүгінде білім беру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау ең басым бағыттардың бірі болып отыр. Оқу жылы басталғаннан бері 421 сырқаттану жағдайы тіркелді. Әрбір жағдайға орай эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Эпидемиологиялық тексерудің нәтижесінде аталған балалардың демалыс кезінде-ақ ауырғаны және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғаны анықталды, – деді. Ресми өкілдің айтуынша, осыған байланыста аталған балалармен қарым-қатынаста болған 3 мыңнан астам оқушы тексеруден өтті. Тексеруден өткен оқушылардың арасында 3 баланың ғана коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықтады. «Бұл жұмыс күнделікті жүргізіледі. Сырқаттану жоғары шегіне жеткен 6 тамызда елімізде 8 325 адам ауырды, оның 651-і - оқушылар. Яғни, коронавирус инфекциясының білім беру ұйымдарында таралуына жол бермеу үшін қатаң карантиндік іс-шаралар қабылданған», – деді Зәуре Ахметова.