Жамбыл облысында әкімдік қызметкерінің мәйіті көшеден табылды

Жамбыл облысында әкімдік қызметкерінің мәйіті көшеден табылды

Жамбыл облысында әкімдік қызметкерінің мәйіті көшеден табылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Талас ауданы полициясының кезекші бөліміне Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде оқ жарақатын алған белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгеннен кейін қаза тапқан адамның өз атына тіркелген аңшы мылтығынан өзіне оқ атқаны анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. «Қабылданған шаралар барысында қайтыс болған адамның кім екені анықталды, оны туыстары таныды. Ол осы елдімекеннің тұрғыны болып шықты. Өзіне қол жұмсау себебін және істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген ведомство хабарламасында. Талас ауданы әкімінің баспасөз қызметі марқұмның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істегенін растаған. Қазіргі уақытта полиция департаменті барлық қажетті сот сараптамасын тағайындады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты істің басқа да егжей-тегжейі жария етілмейді.